Қоғам

Праймериз: Дауыс беру әркімнің азаматтық міндеті

1 қазаннан 4 қазанға дейінгі аралықта елімізде Nur Otan праймеризінің үшінші кезеңі – партия мүшелері арасындағы сайлау өтпек.

Алғашқы екі күнде сайлау ұялы қосымшалар және primaries.kz. сайты арқылы онлайн өткізілді.
Партияның әр мүшесі өз ұялы телефонына құпия сөзді алып, үйінен шықпай дауыс бере алды. Онлайн дауыс беру Семейде де белсенді өтті.

Екі күнде 70%-дан астам партия мүшелері өз пікірлері бойынша лайықты деп санаған кандидаттарына дауыстарын берді. Бүгін, 3 қазан, партия мүшелері сайлау учаскелерінде дауыс бере алады. Сайлау учаскелері Семейде 12, олардың 10-ны қала аумағында, бір-бірден Приречное, Қайнар ауылдарында. Сайлау электронды түрде өткізіледі, барлық учаскелер кабинкалармен және ноутбуктармен жабдықталған.

– Әр кабинкада бір ноутбуктан, сонымен қатар есеп комиссияссияларында да жеке ноутбуктан. Дауыс беруге ниет білдірген партия мүшелері учаскелік есеп комиссиясына келіп, өз құпия сөздерін алып дауыс береді. Сайлау туралы ақпараттар ашық түрде, дауыс берген партия мүшелері сайттан қай кандидаттар қанша дауыс алғандарын көре алады – деді Nur Otan партиясы Семей филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айнұр Арғынбекова.

Қазіргі таңда Семейде 118 праймериз қатысушысы бар. Онлайн дауыс беру 4 қазандағы түнгі сағат екіге дейін ұзартылды. Дауыс беру нәтижесі ертең қорытындыланбақ. Ресми аккаунттарда кандидаттардың рейтингтері орналастырылатын болады.

– Мен, дауыс беру қала тұрғындарының азаматтық міндеті деп есептеймін. Партиялықтар- қарапайым қала тұрғындары, түрлі сала адамдары. Олардың әрқайсысы біздің қаламыздың дамуына өз үлестерін қосуға міндетті деп санаймын. Дауыс беру арқылы біздің қасиетті қарт Семейіміздің дамуына ықпал етеді. Сондықтан, әрі қарай болашақта қала тұрғындарының құқықтарын қорғайтын адамдарды сайлауға белсенді түрде қатысу керек, – деді өз пікірімен бөліскен қала белсенділерінің бірі Жасұлан Құрманғалиев.

Дәурен Аллаберген

Осы айдарда

Back to top button