Аймақтар аухалыТОП
Прапорщиков ауылының атауы өзгере ме?
22 маусымда Прапорщиков ауылында белсенділер ауылдың атын Бидай қала деп өзгерту туралы ұсыныс жасаған.
Алайда белсенділер бұл ойларынан бас тартып, ұсыныстарын кері қайтарып алды, деп хабарлайды Didar ақпарат.
Аталмыш мәселеге байланысты тұрғындардың жиыны 2 шілдеге тағайындалған. Алайда, 29 маусымда Ертіс ауылдық округінің әкімдігіне жиын болмайтынын хабарлады.
– Белсенді топ іс-шараны өткізбеу туралы өтініш жазды, сондықтан қазіргі уақытта ауылды қайта атау туралы мәселе жабылды, – деді округ әкімшілігі.
Ынтымақ Толқын