ҚоғамТОП

Пойыз билеттері қымбаттайды

Жолаушылар тасымалы

Елімізде 1 наурыздан бастап теміржол билеттері қымбаттайды. Бұл туралы “Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

«Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақмерзімді субсидиялауға арналған шарттарға сәйкес 2021 жылдың 1 наурызынан бастап облысаралық және қала маңындағы қатынастардағы барлық әлеуметтік маңызы бар бағыттарға теміржол билеттерінің құны 7%-ға өседі.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларды тасымалдау сапасын жақсартуға, оның ішінде жылжымалы құрам паркін жаңартуға және қызмет көрсетудің жаңа стандарттарын енгізуге бағытталған шараларды жүргізіп жатқандығын еске саламыз. «Жолаушылар тасымалы» АҚ 2018 жылдан 2020 жылға дейін 159 вагон сатып алды. Аталмыш вагондар мына бағыттар бойынша қатынайтын жолаушылар пойыздарының құрамында бар. Олар: Алматы – Маңғыстау, Нұр-Сұлтан – Сарыағаш, Атырау – Нұр-Сұлтан, Атырау – Алматы, Нұр-Сұлтан – Арқалық, Атырау – Маңғыстау, Алматы – Жезқазған және Нұр-Сұлтан – Семей», – деп жазылған баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сонымен қатар осы жылдың 1 тоқсанында 50 жаңа вагон жеткізіледі деп күтілуде. Бұл вагондар Алматы –Маңғыстау, Қызылорда – Семей, Алматы – Өскемен және Нұр-Сұлтан – Семей бағыттарында жүретін пойыздарға тіркеледі.

“DIDAR” ақпарат

Осы айдарда

Back to top button