Қоғам

Пошташылар газетті велосипедпен таратады

Пошташылар газетті велосипедпен таратады


Катонқарағайлық пошташылар хат-хабар, газет-журналдарды арнайы велосипедпен таратып жүр. Ыңғайлы әрі жылдам көрінеді.

– Пошташыларға басшылық тарапынан осындай велосипед пен смартфон телефондарын берді. Велосипед ауылдың бас-аяғына дейін газет тарату жұмысын жеңілдетсе, смартфон арқылы ай сайын есеп-қисап тапсырып отырамыз, – дейді Катонқарағай ауылының пошташысы Альмира Панинова.

Альмира Панинова оқу бітірісімен еңбек жолын пошташы қызметінен бастаған. Содан үздіксіз жеті жыл еңбек етіп жүріп, қысқартуға ұшырайды. Бірақ араға біраз уақыт салып хат-хабар тарату жұмысына қайта келді. Жалпы пошташылық еңбек өтілі он бес жылға таяп қалған.

Газет толы үлкен сөмкені иыққа іліп алып, ауылды аралау оңай шаруа емес екені айтпаса да түсінікті. Ал велосипед мінген пошташы оқырманға газетті уақтылы жеткізеді.

Мерей Қайнарұлы
Катонқарағай ауданы.

Осы айдарда

Back to top button