Қоғам

Польшадан қос медаль әкелді

Польшадан қос медаль әкелді


Шығысқазақстандық дзюдошылар Польшада өткен жастар арасындағы Еуропа кубогынан олжалы оралды.

Дүбірлі жарыста ұлттық құрама сапында қос шығысқазақстандық спортшы өнер көрсетті. Атап айтсақ, 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Қуан Барыс күміс медаль иеленсе, 81 келіге дейінгі дзюдошылар бәсекесінде сынға түскен Барақ Арқабай қола жүлдеге қол жеткізді.

Жарыс қорытындысы бойынша екі алтын, бір күміс, екі қола медаль иеленген Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте үздіктер қатарынан орын алды.

Бұл дода келер айда Хорватия жерінде өтетін әлем чемпионаты алдындағы соңғы жарыс екенін айта кеткен абзал. Өкінішке қарай, тағы бір жерлесіміз Мадияр Сембаев жаттығу кезінде алған жарақатына байланысты Әлем чемпионатына қатыса алмайтын болды.

Сәрсен Қабылым

Осы айдарда

Back to top button