Қоғам

Полицияны балағаттаған адам қар күреуге міндеттелді

Полицияны боқтаған адам 40 сағат қоғамдық жұмыс істеуге міндеттелді.

«Күзде 102 каналына шағымданған әйел мас күйеуі ұрып-соғып, балаларды қорқытып жатқаны жайлы айтқан. Полицейлер келген кезде мас адам қызмет атқарып жүрген қызметкерлерге әдепсіз сөйлеп, балағаттаған. Полиция қызметкерлері сабырға шақырып тынштандыруға тырысқанмен ол бағынбаған. Керісінше бөгде адамдардың  көзінше дөрекі сөздер айтуды жалғастырған. Сот үкімімен 40 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды», – деп жазылған Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ақпаратында.

– Жергілікті атқарушы билік оған қоғамдық жұмыстарды орындау үшін объект бөліп берді. Яғни күніне төрт сағат қарт адамдарға қар тазалауға көмектесіп жүр. Қазір ол пробация қызметінде есепке алынды, – деді департамент бастығының орынбасары Ғалымжан Балтабаев.

Осы айдарда

Back to top button