Қоғам
Полицейлер тарбағатайлық азаматқа ұрланған малының бір бөлігін қайтарып берді.
Тарбағатай ауданының тұрғыны полицияға жайылымнан 36 бас жылқысы ұрланғаны туралы арызданады. Алты күннен кейін малдың 25-і Зайсан ауданынан табылып, иесіне қайтарылған. Жыл басынан бері аудан тұрғындарынан ұрланған 47 бас мал табылды.