Нарық

Пиязыды шетелге шығару тоқтатылды

Еліміздің сыртқы сауда саясаты және экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы пияз экспортына 3 ай мерзімге тыйым салу туралы шешім қабылдады. Бұл пияздың Қазақстаннан жаппай шығарылуын болдырмау және оның бағасын тұрақтандыру үшін жасалып отыр.

Үшінші елдердің қазақстандық пиязға деген сұранысы Азия мен әлемдегі ең ірі пияз өндірушілердің бірі – Пәкістандағы табиғи апаттармен байланысты. Бұл елдегі су тасқыны әлемде, оның ішінде біздің елдің нарығында пияз бағасының өсуіне әкеліп отыр.

Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде, сондай-ақ Өзбекстанда өнімнің қатты аязда үсіп кетуі оның құнына қосымша салмақ салып отыр. Осылайша, пияздың негізгі өндірушілері енді қазақстандық өнімді белсенді түрде импорттап, әкетіп жатыр.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2022 жылы елдегі пияз өнімі 1,1 миллион тоннаға жеткен. Ресми деректерге сәйкес бүгінгі күні елімізде пияздың расталған қоры – 152,4 мың тонна, бұл өткен жылғы егіннің жалпы көлемінің 14%-ы ғана. Бұл көлем жаңа өнім жиналғанға дейін жеткілікті, сондықтан экспортқа енгізілген шектеулер Қазақстаннан қалған пиязды әкету тәуекелдерін болдырмайды.

Республикада пияздың көтерме бағадағы бір келісі 150-170 теңге мөлшерінде. Қазіргі күні Өскемендегі тұрақтандыру қорының сауда дүңгіршектерінде пияздың келісі 110 теңгеден сатылып жатыр.

Фермерлер үшін пияз экспортына тыйым салудың жағымсыз салдарын азайту үшін бүгінгі күні ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден пиязды ӘКК арқылы тұрақтандыру қорларына, сондай-ақ сауда желілері арқылы айналым тетігі арқылы сатып алудың әртүрлі амалдары іске асырылып жатыр.

 Жамал Ермен

Осы айдарда

Back to top button