Пәтер сатушысымен қалай дұрыс саудаласу қажет?
Пәтер құнын төмендету көпшілікті қызықтырады, алайда саудаласуға барлығы дайын емес екен: кейбіреулері қысылып ұялса, басқалары саудаласу тәсілін білмейді. Төменде сіз ұялмай нәтижелі саудаласудың шарттарын таба аласыз.
Бірден саудаласуды бастамаңыз
Бірден әрекет жасамаңыз. Қоңырау шалу кезінде немесе мүлікті бірінші рет қарау кезінде саудаласуды бастамаңыз, әйтпесе мүлік иегері сіз байыппен бағышталмай жүрсіз деп шешім шығаруы мүмкін.
Дайын болыңыз
Korter.kz сайтында жылжымайтын мүлік нарығын зерттеп шығыңыз, сізді қызықтыратын аудандағы мүліктің бағасын біліп көріңіз және сізге ұнап қалған барлық пәтерлерді зерттеп көріңіз.
Сыпайылық жайлы ұмытпаңыз
Сатушы да адам екенін есте сақтаңыз, сондықтан да сөйлесу кезінде сыпайылық пен әдептілік туралы ұмытпаңыз. Пәтер иесіне аты бойынша сөйлесіңіз. Қошемет жасау артық болмайды: жақсы жасалынған жөндеу жайлы немесе стильге келтірілген интерьер туралы айтуға болады.
Ұстамды болыңыз
Арманыңыздағы пәтерді таптыңыз деп ойлайсыз ба? Сатушы алдында өз қуанышыңызды көрсетпеңіз. Әйтпесе бағаны төмендете алмайсыз.
Бірдеңе ұнамай қалса, бұрылып кету сізге сенімділік сезінуге көмектеседі.
Төмен бағаны айтыңыз
Сіз төлеуге әзір соманы айтпаңыз. Сатушы оны қалауынша жоғарлатуы үшін, бұл соманы төмендету жақсырақ болады.
Жалғыз бармаңыз
Өзіңізбен бірге жұбайыңызды, отбасы мүшесін немесе жай досыңызды шақырыңыз. Бұл ретте сіз пәтер иегеріне шешімді жалғыз жасамайтыныңыз туралы түсінік бересіз. Мысалы, егер сіз пәтерді сатып алуды қаласаңыз, ал жұбайыңыз жоғары бағаны дәлелге келтіріп, қарсы болса, бұл жағдайда сатушы құнын төмендетуін ұсынуы мүмкін.
Кемшіліктері туралы айтыңыз
Кемшіліктері туралы айтуда сақтық таныту маңызды, себебі сатушы өзінің пәтеріне уақыты мен күш-қуатын салған. Басында артықшылықтары мен жақсы жақтарынан бастап, ал содан кейін кемшіліктерін ақырындап атап өту жақсырақ болады.
Нақты мәлімет атап өту маңызды. Мысалы, сіз жөндеу жұмыстарына 1 миллион теңге шығындау қажеттілігін атап өтуіңізге болады — бұл сома сатушыға атап өте алатын жеңілдік ретінде болуы мүмкін.
Пәтерге қайта барып қайтыңыз
Осылайша сатушы сіздің бірнеше нұсқа қарастырып жүргеніңізді түсінеді.
Бәсекелестік туралы атап өтіңіз
Егер сіз арзанырақ бағаға жылжымайтын мүлік тапсаңыз, ол туралы сатушыға хабар беріңіз. Бәсекелестіктің болуы сатушыны бағаны төмендетуіне итеруі мүмкін.
Кепілақы төлеу дайындығыңыз жайлы айтыңыз
Соңғы құны белгіленіп қойылғанда, кепілақы төлеу дайындығыңыз туралы хабарлаңыз.