Қоғам

Педагогтардың жалақысы екі есе өседі

2024 жылға қарай педагогтардың жалақысы екі есеге артады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында  Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

«Педагог мәртебесі туралы» Заңның аясында педагогтардың еңбек жағдайы жақсартылуда. Педагогтарға тән емес функцияларды және көзделмеген есептерге тартудан босату шаралары қабылданды.

Педагогтар бүгінде тек екі құжат толтыруы керек: электронды журнал және оқу жоспары. Сонымен қатар барлық облыста мұғалімдердің құқығын қорғау жөніндегі кеңестер ашамыз. 2024 жылға қарай педагогтардың жалақысы екі есеге өседі», – деді министр.

Ведомство басшысының пікірінше, бұл қадам мектептерге білікті кадрлар тартып, маман тапшылығын жоюға мүмкіндік береді.

DIDAR ақпарат

 

Осы айдарда

Back to top button