Қоғам

Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер үкіметке қайтарылады

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаев өзінің 2022 жылғы           1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауында 5 млн. гектардан астам пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтаруды тапсырды.

Шығыс Қазақстан облысында құқық қорғау және мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тарта отырып, пайдаланылмайтын және заңнаманы бұза отырып берілген жер учаскелерін алып қою мәселесі бойынша ведомствоаралық топ құрылды.

2022 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтару жоспары бекітілді. Қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен мемлекет меншігіне 100,6 мың га қайтарылды.

Катонқарағай, Күршім және Зайсан аудандарында жерді қайтару бойынша үлкен жұмыстар атқарылды. Тек осы аудандар бойынша немқұрайлы жер пайдаланушылардан 47,8 мың гектар жер алып қойылды: Катонқарағай ауданында –11 мың га, Күршім ауданында – 19,9 мың га және Зайсан ауданында – 16,9 мың га.

Осы аудандардың әкімдіктері үлкен жұмыс атқарды, аудандық жер қатынастары бөлімдері мемлекеттік бақылау жүргізу мәселесі бойынша ШҚО жер ресурстарын басқару департаментімен тығыз жұмыс істеуде. Аграршылармен түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер жосықсыз жер пайдаланушылардың қолында бола алмайтын құнды ресурстар болып табылады.

Жүргізіліп жатқан жұмыс біздің өңір үшін өте маңызды, өйткені ауыл шаруашылығы саласын дамыту үшін айналымға қосымша алаңдарды тарту талап етіледі.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ғарыштық мониторингінің деректеріне сәйкес Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ғарыш-Сапары                                  веб-порталында 2022 жылы 508,8 мың га пайдаланылмайтын жер белгіленді. Жер пайдаланушыларға профилактикалық бақылау шеңберінде субъектіге бармай-ақ                   1 жыл мерзімге жерді пайдалану қажеттігі туралы нұсқаулар жіберілді, 2023 жылы пайдаланылмау фактілері расталған жағдайда бұл жерлер сот тәртібімен алып қойылатын болады.

Ағымдағы жылы жерді алып қою жұмыстары жалғасуда, 120 мың гектар алаңдағы пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару жоспары бекітіліп, бүгінгі күнге оның 9,1 мың гектары қайтарылды.

Жер біздің басты байлығымыз, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуын анықтайтын стратегиялық ресурс, сондықтан Жер ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғау маңызды мемлекеттік мәселелердің бірі болып табылады.

Осы айдарда

Back to top button