Қоғам

Парақор қызметкері үшін басшысы жауап береді

Жемқор қызметкерлері үшін бұдан былай басшылары жұмыстан қуылатын болды. Бұл норма «Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңында көрсетілген.

–Осы Заңның қабылдануымен Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа кезеңі басталды деп сеніммен айта аламын. Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет басшылардың қол астындағы қызметкерлері үшін жауапкершілігі заңнамалық деңгейде бекітілді, – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Ерлан Жалмағамбет аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Бұл норманың Заңға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен енгізілгенін айта кеткен жөн. Мемлекет басшысы бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа жол бергені үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының орнынан алу институтын енгізудің маңыздылығын айтқан болатын.

Бұдан былай саяси мемлекеттік қызметшілер –  министрлер мен олардың орынбасарлары, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері мен олардың орынбасарлары, аудандар әкімдері олардың тікелей бағынышты қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаса, міндетті түрде отставкаға шығуға сұрануы керек.

–Заңның жаңа редакциясына сәйкес, бірінші басшы тікелей бағынышты тұлғасына қатысты соттың айыптау үкімі күшіне енгеннен соң немесе қылмыстық іс  ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылғаннан кейін күнтізбелік 10 күн ішінде отставкаға кетуге міндетті, – деп түсіндірді департамент басшысы.

Ерлан Жалмағамбет жемқорлық іс-әрекеттермен қолға түскен не болмаса мемлекеттік қызметшінің беделіне нұқсан келтірген шенеуніктердің ісі талқыланған кезде олардың басшыларын да жауапкершілікке тарту тәжірибесі бұрын да болғанын айтады.

–Алайда біз тек нұсқау ғана бере алатынбыз. Ал оны орындау-орындамауды құзырлы органдар өздері шешетін, – дейді ол.

Мысалы, Өскемен қаласындағы Үлбі полиция бөлімінің парамен ұсталған тергеушісіне қатысты істі талқылаған кезде облыстық ішкі істер департаментінің бастығына  жемқор тергеушінің тікелей бастықтарын жазалау туралы нұсқау жіберіліпті. Нәтижесінде департамент бастығыөзініңкадрларменжұмысжөніндегіорынбасары мен Өскеменқалалықполиябөлімініңбастығынжауапкершіліккетартқан.

Сондай-ақМемлекетбасшысықолқойғанЗаңдабасшылардыңбағыныштықызметкерлерініңсыбайласжемқорлыққабаруыныңалдыналуміндеті де көрсетілген. Бұлміндеттіңорындалмауынемесетиісіншеорындалмауы да  басшыныңтәртіптікжауапкершілігінеәкеліпсоғады.

400 миллион теңгенің шығыны келді

Департамент басшысы брифингте облысқа сыбайлас жемқорлық қылмыстарынан  келген шығын және мемлекеттік қызметшілерге қатысты істер туралы айтып берді.

Ағымдағы жылдың он бір айында 11 лауазымды тұлға қызметінен босатылған. Бес шенеунік мемлекеттік функцияларды орындаудан шеттетілсе, он мемлекеттік қызметші  қызметіне толық сәйкес келмейді деп танылды. 40 тұлға қатаң сөгісті арқаласа, 46 қызметкерге сөгіс жарияланған. 130 мемлекеттік қызметші жеке жауапкершілікке тартылыпты.

–Лауазымды тұлғалар тарапынан жиі орын алған заңсыздықтарға келсек, бұл – бағынышты қызметкерді жеке шаруасына жұмсау, сыйлық алу. Сый-сияпат көрсету параға жатпағанымен, жемқорлыққа қолайлы жағдай туғызады, – дейді Ерлан Нағашыбайұлы.

Өңірде мемлекеттік қызметшінің беделіне нұқсан келтіретін фактілер де тіркеліпті. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Қуанышпеков жұмыс орнында қоластындағы қызметкерлерімен спиртті ішімдік ішкені үшін жұмыстан қуылған. Бұған дейін осы департаменттің басшысы Сүлейменов пара алып жатқан жерінде қолға түскені белгілі.

–Жыл басынан бері мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне қатысты 164 ұсыныс жасалды.  Бұлөткенжылғыменсалыстырғандакөп, өйткенібізжемқорлыққылмыстарыныңалдыналуға аса мәнберудеміз. Егер сала бойыншаталдасақ, атқарушыбилікоргандарына69 ұсыныс, білімсаласында 20 ұсыныс, ауылшаруашылығысаласында 18, денсаулықсаласында 13 ұсыныс, ішкіістероргандарына қатысты 15 ұсынысжіберілді. Облысқа үстіміздегі жылдың он бір айында сыбайлас жемқорлық қылмыстарынан 400 млн. теңгеден астам  шығын келді,– деді Ерлан Жалмағамбет.

Айна Ескенқызы

Осы айдарда

Back to top button