Қоғам

Оқырмандар бағалы сыйлықтарға ие болды

Оқырмандар бағалы сыйлықтарға ие болды


2017 жылдың екінші жартыжылдығы мен үшінші тоқсанына газетке жазылған оқырмандар арасында бағалы сыйлықтардың ұтыс ойыны өткізілді. Ұтыс ойындарына баспасөзге жазылған облыс тұрғындары қатысты.

Ұтыс ойынын өткізуге комиссия төрайымы, «Шығыс ақпарат» ЖШС директорының шығармашылық жөніндегі орынбасары, облыстық «Рудный Алтай» газетінің бас редакторы Оксана Приведенная мен комиссия мүшелері – облыстық «Дидар» газетінің жауапты хатшысы Тілеукен Әлжекеев, сондай-ақ оқырмандар өкілі А. Әбішева төрағалық етті.

Ұтыс ойындарын өткізу үш кезең бойынша жүргізіліп, жеңімпаз кездейсоқ таңдау жолымен анықталды. Тіркеуден өткен жазылу абоненттерінің көшірмелері салынған ұтыс барабаны айналдырылып, ойынға қатысушылар өздері жеңімпазды анықтап отырды.

Бірінші кезеңде облыстық «Дидар» газетіне жазылғандар арасында өткізілді. Алғашқы жеңімпаз Өскемен қаласының тұрғыны Сағымбаева кілем ұтып алды. Екінші және үшінші орындырға қала тұрғыны Арман Солтанғалиев пен Қоңыр апамыз болды.

Екінші кезеңде облыстық «Рудный Алтай» газетіне жазылғандар арасында өткізілді. Бұл ойында Семей қаласының тұрғыны Құсайынова, Убинка ауылынан келген Гончар, сарыболдық Жапарқұлова, Зырян қаласының тұрғыны Босякова және Бозамбай ауылының тұрғыны Әбішевалар жеңімпаз атанып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

Ал облыстық баспасөзге бір жылға жазылған оқырмандар арасында ойнатылған ұтысты өсемендік Холин, риддерлік Бородулина, Донское аулының тұрғыны Жақсылықова өзара бөлісті.

Жеңімпаздарды құттықтаған комиссия төрайымы Оксана Борисовна облыстық «Дидар» мен «Рудный Алтай» газеттеріне үзбей жазылып отыруларына, бұндай ұтыс ойындары жыл соңында да өткізілетіндігін атап өтті.

Тілеукен Тілеубердіұлы

Осы айдарда

Back to top button