Қоғам

Қой жылдарындағы елеулі оқиғалар

Қой жылдарындағы елеулі оқиғалар

Жыл – шежіре

Қой жылы – қазақ үшін құтты жылдардың бірі. Олай дейтініміз, ата-бабамыз аңсаған Тәуелсіздікке Қой жылы қол жеткізіппіз. Сонымен қатар, Қой жылдары басқа да жағымды жаңалықтарымен есте қалды.

1991 жыл

• 16 желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздігін жариялады. Тәуелсіз еліміз осы уақыт ішінде биік белестерді бағындырды.
• Еліміз бойынша репрессия құрбандарына тұңғыш рет Ақтөбе қаласында Түйетөбеде ескерткіш қойылды. Осы жерден жаппай ату жазасына ұшыраған жүзге жуық адамның сүйегі табылыпты. Жақындарының сүйегі қайда қалғанын білмей жүрген көптеген адамдар үшін бұл елеулі оқиға болды. Ескерткіштің авторы — сәулетші Әбубәкір Әжіғалиев.
• Қазақ балаларын таэквондоға баулу мақсатында Мұстафа Өзтүрік Қазақстанда таэквондо федерациясын құрды. Федерацияның тұңғыш президенті болып Бексейіт Түлкиев тағайындалды. Ол таэквондомен КСРО-да жауынгерлік өнердің тыйым салынған уақытында айналыса бастаған. Ол Мұстафа Өзтүрікпен дос бола жүріп, оған федерацияны құру үшін бағыт-бағдар берген болатын.
• 2 қазанда қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты.

Қой жылдарындағы елеулі оқиғалар

Ғарыш кемесі жер төңірегіндегі «Мир» орбиталық кешенімен түйісті. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесі, сол зиянды аэрозольдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынды.
• 1 желтоқсанда Қазақ КСР-інің Президентін сайлау өтті. Сайлау нәтижесі бойынша дауыс беруге қатысқандардың 98,78 пайыз дауысына ие болған Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.
• Қазақстан Республикасының егемендігі туралы Декларацияда ел аумағы ядросыз аймақ деп жарияланды. 28 тамыз күні Қазақстан Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ Семей полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойды.

2003 жыл

• Елбасының Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Бірінші съезінде көтерген бастамасының жарқын көрінісі ретінде Бейбітшілік және келісім сарайы салынды. Сыртқы пішініне қарап, жергілікті халық «Пирамида» деп атап кеткен Бейбітшілік және келісім сарайы – ұлтаралық және конфессияаралық тұрақтылықтың, халықтар достығының өзіндік символы тәрізді.
• Ресейдегі Қазақстан жылы. 18 ақпанда Ресейдегі үлкен театрдың сахнасында Қазақстан жылының ресми түрде ашылу салтанаты өтті. Бұл жылы көрме, конференция, кездесулер, концерт сынды 150-ге жуық іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асты.
• Ұлттық валютамыздың он жылдығы атап өтілді.
• Демографиялық жағдайды көтеру және әлеуметтік қолдау мақсатында аналарға бала тууына байланысты бір реттік жәрдемақылар беріле бастады. Ал 2006 жылы бала бір жасқа толғанға дейін төленетін жәрдемақы тағайындалды.
• 2003-2005 жылдар «Ауыл шаруашылығын қолдау жылы» деп жарияланды.

2015 жыл

• Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы. \”Елдегі қоғамдық келісімді одан әрі нығайту, Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақстан халқының ұлттық бірлігін қамтамасыз етудегі рөлін арттыру мақсатында 2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жариялансын\”, – деп көрсетілген Елбасы қол қойған Жарлықта.
• Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы. Осыдан жетпіс жыл бұрын Рақымжан Қошқарбаев Рейхстагқа ту тіккен болатын.
• Қазақ хандығының 550 жылдығы.

Қой жылдарындағы елеулі оқиғалар

Айтулы датаға орай республика көлемінде 100-ге жуық іс-шаралар ұйымдастырылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар қазақ хандығының тарихы туралы 20 сериалы фильм түсірілмек.
• Абайдың туғанына 170 жыл.

Әзірлеген – Мерей Қайнарұлы

Осы айдарда

Back to top button