Қоғам

Оқушыларға мобильді байланыс құны арзандайды

Оқушыларға мобильді байланыс құны арзандайды

Елімізде оқушыларға мобильді байланыстың құны арзандайтын болды. Бұл Білім және ғылым министрлігінің жастар ісі жөніндегі комитеті, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық бірлестігі және «Кар-Тел» ЖШС арасында жасалған үшжақты меморандум нәтижесінде іске асырылмақ.

Қол қойылған құжат көптеген әлеуметтік жобаларды бірігіп іске асыруға негіз болады. Сондай-ақ, меморандум аясында қыркүйек айынан бастап оқушылар үшін желіде тегін қоңырау шалуға, басқа операторлардың абоненттерімен арзан тарифтермен байланысуға, интернет қорларына кіруге жеңілдік ұсынатын арнайы құрастырылған бірегей мобильді тариф іске қосылады.

– Біз көкейкесті әлеуметтік мәселелерді шешуге ғана көмектеспей, қоғамды дамуға жетелейтін жобаларды іске асырамыз. Сондықтан, меморандумға қол қою маңызды қадам. Бұл арқылы біз қазақстандық оқушыларға білімге, пайдалы контентке телекоммуникациялық технологиялар арқасында қатына-суға қол жеткізуге мүмкіндік береміз, – дейді еліміздегі «Beeline» коммерциялық компаниясының директоры Александр Комаров.

Осы айдарда

Back to top button