Отбасындағы тәрбие мәселесі талқыланды
Ағымдағы жылдың 13 қыркүйегінде Ұлан ауданы Мамай батыр ауылының Ломоносов атындағы орта мектебінде білім алатын өскелең ұрпаққа арналған мотивациялық кездесу өтті.
Іс-шара барысында отбасындағы тәлім-тәрбие, мұқтаж жандарға көмек, сапалы білімнің маңызы, өз еңбегіңді тиімді монетизациялаудың және осы бағытта мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдауға қол жеткізудің жолдары, сонымен қатар жаңашылдыққа ұмтылу, әлемде орын алған өзгерістерді қоғам мүддесіне пайдалана білу сынды сұрақтар талқыланды.
«Шығыс Қазақстан облысының Азаматтық Альянсы» ЗТБ төрағасы Аяужан Әшімованың айтуынша, сайып келгенде осы және өзге де сұрақтардың жиынтығы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға өз септігін тигізеді.
Аталмыш іс-шара Ұлан ауданы ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен “Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен сананы қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар кешенін өткізу” жобасының шеңберінде «Антарес А» қоғамдық қорымен жүзеге асырылды.
Диас Кенжеұлы