Қоғам

Отандық ғылымды дамытуға бағытталмақ

Отандық ғылымды дамытуға бағытталмақ

Отандық ғылымды дамытуға бағытталмақ

Елімізде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ тапсырмасы бойынша ғылыми қызметтің беделін өсіру, сонымен қатар, ғалымдарды ғылыми зерттеу жүргізуге және инновациялар енгізуге ынталандыру мақсатында әл-Фараби атындағы жаңа мемлекеттік сыйлық тағайындалды. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Таһир Балықбаев мәлім етті.
Мемлекеттік сыйлыққа түрлі саладағы жаңа өнім мен технология жасап шығаруға қатысты еңбектер ұсынылмақ. Әл-Фараби атындағы сыйлыққа ұсынылған жұмыстың ел халқы үшін экономикалық және әлеуметтік әсері де болуы шарт.
Ғылым мен техника саласындағы сыйлықтар екі жылда бір рет тапсырылады. Сыйлық көлемі 18,6 миллион теңгені құрайды. Ал биылғы сыйлыққа жеті жұмыс ұсынылғанын айту керек. Жақында Ақордада ел Президентінің қатысуымен мемлекеттік сыйлықты тапсыру рәсімі де өтті. Жалпы, әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2015 жылғы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атағын 40 отандық ғалым иеленсе, оның төртеуі әйел, үшеуі 35 жасқа дейінгі жас өнертапқыш болды.

Қазақстан 19 елмен визасыз тәртіп енгізді

Қазақстандықтар енді әлемнің 19 мемлекетіне визасыз бара алады. Бұл туралы сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов хабарлады.
Министрдің айтуынша, еліміз соңғы болып визасыз тәртіп енгізу туралы келісімді Бразилиямен және Кубамен жасасты.
– Бұдан былай отандастарымыз бостандық аралына еркін бара алады. Бұл келісім Қазақстан мен Куба арасындағы әріптестікті нығайту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, – деген министр алдағы уақытта дәл осындай құжаттар Оңтүстік Американың бірқатар елімен де жасалатынын атап өтті.
Сонымен қатар, еліміздің Сыртқы істер министрлігі келесі жылдың бірінші тоқсанынан қазақстандық виза берудің жаңа ережесін енгізуді жоспарлап отыр. Қазір бұл мәселені шекара қызметі мен Ішкі істер министрлігі сияқты мемлекеттік органдар бірлесіп қарауда.

39 рұқсат құжатының күші жойылуы мүмкін

Қазақстанда бизнесті жүргізуді жеңілдету үшін 39 рұқсат құжатын алып тастау ұсынылып отыр. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті.
– «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына сәйкес, 39 рұқсаттың күші жойылады. Яғни, заңнамадан, сонымен бірге, реттеуші мемлекеттік органдар құзыретінен рұқсат беру құжаттарын беру жөніндегі функцияларды алып тастау көзделген. Бұдан бөлек, 18 рұқсатты хабарлама жасау тәртібіне ауыстыру қарастырылады, – деді Е. Досаев.
Оның айтуынша, заң жобасын қабылдау бизнеске түсетін қысымды бәсеңдетіп, әкімшілік тосқауылдар санын қысқартуға, мемлекеттік органдарды артық функциялардан арылтуға, сонымен бірге, кәсіпкерлікті дамыту үшін барынша қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік бермек.

Шығыс-ақпарат

Осы айдарда

Back to top button