Отандық медиакеңістіктегі орны ерекше
Құттықтау
Құрметті «Дидар» газетінің ұжымы!
Сіздерді және барша оқырмандарыңызды аймақ өмірінің айнасы – «Дидар» газетінің 85 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!
Мақсұт Тайшыбаев бастамашы болып, алғаш «Жұмысшы» атауымен жарық көрген, О.Бөкей, Ә.Жәкетова, А.Қайсенова, Ш.Елеукенов, Ғ.Қабышев, Ұ.Есдәулет, Д.Әшімханов сияқты белгілі қаламгерлердің қолтаңбасы қалған газет Елбасы саясатын, өңірдің тыныс-тіршілігін кеңінен қамтып, қол жеткен жетістіктерді талмай жазып, қалың бұқараның мәселелерін бүкпесіз көтеріп келеді.
Осының арқасында оқырманның үлкен ықыласына бөленіп, бүгінгі белесті табысты бағындырып отыр.
Ақпараттың маңызы арта түскен бүгінгідей заманда басылымның отандық медиакеңістіктегі орны қашанда көш ілгері болатынына сенімдімін.
Бүгінгі мерейтойларыңызбен құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, шығармашылық табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін!
Құрметпен,
Дәурен Абаев,
Ақпарат және коммуникациялар
министрі