Қыс қаһарына мінбей жатып, Риддер мен Екібастұз қалаларында жылу қазандықтары істен шығып, қаншама тұрғын жылусыз қалғанын айтып, интернет пен бұқаралық ақпарат құралдары шулап жатырмыз. Ал осы Өскемен шаһарының жағдайы қалай екен?
Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі экология саласындағы парақорлық пен жеміргіштіктің себептеріне талдау жасағанда облыс орталығының жылу электр орталығындағы жағдайға да тоқталған еді. Аренда шатров и тентов в Алматы на сайте https://www.saas-group.kz. SAAS-Group– молодая, технологичная, современная компания.
– Өскемен жылу электр орталығы 1947 жылы іске қосылған. Жұмыс істеп тұрғанына биыл 75 жыл толған өндірістің техникаларын жаңғырту мүмкін емес. Өйткені орталықтың аумағында қосымша сүзгі қондырғыларын орнататын жер жоқ,- деді облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің превенция басқармасының басшысы Архат Бейсембаев өз баяндамасында.
Облыстың экологиялық проблемаларын кешенді шешу бойынша жол картасына енгізілген іс-шараларды егжей-тегжейлі талдау олардың бірқатарының формальды сипатқа ие екендігін, қаржылық жағынан қолдау көрсетілмегенін, жекелеген іс-шараларды жүзеге асыру үшін ондаған жылдар мен қомақты қаржы талап етілетінін, ал кейбір тармақтарды орындау мүлдем мүмкін еместігін көрсеткен.
– Мысалы, жеке секторды орталық жылытуға қосу (3-тармақ) 2024 жылға қарай толық аяқталуы тиіс, ал ол жаңа қуатты қазандық салмай мүмкін емес. Өйткені қазірдің өзінде қазандықтың қуаты жетпейтіні байқалады. Осы тармақ 2020 жылы бекітілген сәттен бастап осы уақытқа дейін жергілікті атқарушы органдар тарапынан оны орындау бойынша ешқандай шаралар қабылданған жоқ, – деп атап өтті Архат Бейсембаев.
Сонымен қатар Өскеменді көгілдір отынмен қамту мәселесі де күн тәртібінен көрінбейді. Оны қойып, осыдан екі жыл бұрын облыс орталығындағы барлық газгольдерлер қайта монтаждалып, алынып тасталған.