Сайлау-2022ТОП

Өскеменнің әкімі дауыс беруге отбасымен келді

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар кезектен тыс Президент сайлауында өз таңдауын жасады. Шаһар басшысы сайлау учаскесіне жұбайы мен бала-шағасын ертіп келді, деп хабарлайды didar-gazeti.kz тілшісі.

Жас ұрпақты еркін ойлап, дербес шешім қабылдауға, сондай-ақ өзінің азаматтық құқығын пайдалана білуге осы бастан үйрете беру керек деп есептейтін Жақсылық Омар еліміз үшін аса маңызды саяси науқанды балаларының да көзімен көріп, көңілге түйгенін қалайды. Сол себепті де ол сайлау учаскесіне отбасымен бірге  келді.

– Бүгін сайлауға ұлдарыммен бірге келдім. Біз біртұтас қазақстандық ұлт, тәуелсіз ел ретінде талай жетістікке жетіп келе жатырмыз. Бүгінгі өсіп келе жатқан жас ұрпақ та болашақта еліміздің көшін өрге сүйреп, жауапты азамат болып қалыптасуы үшін олардың бойына патриоттық рухты, елжандылық пен адалдықты қазірден сіңіре беруіміз керек, – деді Жақсылық Омар.

Ынтымақ Толқын

Осы айдарда

Back to top button