Аз қамтылған отбасыларға жыл сайын берілетін әлеуметтік көмір дайындалып жатыр.
Өскемен қаласы бойынша биыл 5 мыңдай отбасыға арзан бағадағы көмір беріледі, деп хабарлайды Didar ақпарат.
– Қалада әлеуметтік көмірге мұқтаж отбасылар бар. Оларға төмен бағадағы көмір жеткізу жұмыстарын да қарастырып жатырмыз. Аз қамтылған отбасыларға арналған әлеуметтік көмір биыл да болады, – дейді қала әкімі Жақсылық Омар.