СпортТОП

Өскеменде велоспорт және садақ атудан турнир өтеді

Облыс орталығында ауқымды турнир өтпек.

Велоспорттан сайыс 18 жастан асқан ерлер арасында, ал дәстүрлі садақ атудан “Көшпенділер ізімен” ашық қалалық турнирі ерлер мен әйелдер арасында ұйымдастырылады, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Топтық веложарыс 29 шілдеде өтеді. Сағат 10: 00-де Шешек ауданында басталып, мәресі  төртінші Сібе көліндегі “Төр Алтай” демалыс базасында болады.

Сайыстың жүлде қоры да қомақты екен – 900 мың теңге.

Сол күні “Төр Алтай” демалыс аймағында дәстүрлы садақ атудан сайыс ұйымдастырылады.

Сайыс 4 санат бойынша өтпек:

  • I санат – 18-35 жас (ерлер);
  • II санат – 36-50 жас (ерлер);
  • III санат – 18-35 жас (әйелдер);
  • IV санат – 36-50 жас (әйелдер).

“Көшпенділер ізімен” ашық қалалық турнирінің жүлде қоры – 1 000 000 теңге.

Сонымен қатар сайыста үздік садақ ату техникасы мен үздік ұлттық киім иелері де анықталмақ.

Сайыс бойынша толық ақпаратты  8-705-500-65-74, 8-777-542-51-51 нөмірлері арқылы алуға болады.

Ынтымақ Толқын

Осы айдарда

Back to top button