Руханият

ӨСКЕМЕНДЕ ТІЛДІ ТЕГІН ҮЙРЕТІП ЖАТЫР

Өскеменде қазақ тілін меңгерсем дегендерді  тегін оқытатын орталықтар көптеп ашылып жатыр.

Алғашқы қазақ тілі клубы қаладағы Оралхан Бөкей атындағы кітапханада ашылған болатын.   “Кел, сөйлесейік” деп аталатын тегін қазақ тілі клубы  өзге ұлт өкілдерін күнделікті тұрмыста қазақ тілінде емін-еркін сөйлеуге үйретіп жатыр. Бүгінде Өскеменде мұндай орталықтар саны төртеу. Сұраныстың артуына қарай, алдағы уақытта осындай орталықтар кәсіпорындар мен сауда орындарында да  ашылмақ.

Жуықта орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің №2 кітапхана бөлімшесінде қазақ тілін тегін оқытатын тағы бір клуб ашылды.

Оралхан Бөкей атындағы кітапханада қазақ тілін жетік меңгерген Надежда Шушаникова, ал  №2 кітапхана бөлімшесінде Салтанат Миронова келушілерге қазақ тілін үйретіп жүр. Сондай-ақ мұндай клуб “Альшемали” СҮ-де де бар.

Өскемендегі орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №9 кітапхана филиалының (М.Горький көшесі) балалар кітапханасында да жаңа топ құрылып, Надежда Шушаникова балаларға қазақ тілін үйретіп жүр.

Қазақ тілін оқыту клубтарында кез келген жастағы азаматқа есік ашық. Олар өздеріне ыңғайлы мекенжайдағы орталыққа келіп, өздеріне ыңғайлы уақыттағы топқа жазыла алады.

Ж.Ермен

Осы айдарда

Back to top button