Қоғам

Өскеменде тағы алты үйдің қасбеті жөнделетін болды

Облыс орталығында жиырма жеті үйдің қасбеті жөнделеді.

Бұл туралы қала әкімі айтты, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Естеріңізде болса, бастапқыда 21 тұрғын үй боялады деп жоспарланған еді.

– Қаланың орталық көшелеріндегі үйлердің қасбеттерін жаңарту жөніндегі бастамамызды көпшілік оң бағалады. Биыл 21 үйді жөндеуді ойластырған едік. Бірақ облыс әкімі Ермек Беделбайұлының қолдауымен жөнделетін үйлердің саны 27-ге жетіп отыр. Жалпы, үш жыл ішінде біз кем дегенде жүз үйдің қасбетін жаңартқымыз келеді, – деді Жақсылық Омар.

Қала әкімі маусым айында аулаларды жөндеу басталатынын айтты.

– Биыл 16 ауланы кешенді абаттандыру жоспарланған. Тағы 11 аулада ойын алаңдары орнатылады. Сонымен қатар, біз былтырдан қалған төрт ауладағы жұмыстарды аяқтауымыз керек, – деді Жақсылық Омар.

Оразай Жеңісұлы

Осы айдарда

Back to top button