Қоғам

Өскеменде «Шығыс: жер, су, ауа» қысқаметражды деректі фильмі көрсетілді

Халық саны артқан сайын Шығыс Қазақстанда су тапшылығы туындауы әбден мүмкін. Бұл туралы Өскеменде өткен «Шығыс: жер, су, ауа» қысқаметражды деректі фильмінің көрсетілімінен кейінгі пікірталас барысында айтылды. 

Бүкіл еліміздегі су ресурстарының 40%-ы орналасқан, табиғаты көз тойдыратын, өзен мен орманға, пайдалы қазбаға бай өңір – Шығыс Қазақстан. Фильмді жасау барысында Adamdar/CA командасы Шығыс Қазақстанның бірнеше ауданын аралап, су және ауа мәселелерін зерделеу үшін сарапшылармен және тұрғындармен сұхбаттасқан.

Экологиялық мәселелер баяндалатын бұл фильм Эберт қорының және Еуропадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымының қолдауымен түсірілген.

Көрсетілімінен кейін панельдік дискуссия өтті. Оған сарапшылар, ғалымдар мен экобелсенділер қатысты.

– Жақын арада бізің облыста су тапшылығы бола қоймайды. Біз ауыз суымен де, техникалық сумен де жақсы қамтамасыз етілгенбіз. Бірақ, халық саны артқан сайын, қала тұрғындары көбейген сайын қазіргі қор жетпеуі мүмкін. Егер сумен қамту жүйелеріне модернизация жасамасақ, сорғы станцияларын көбейтпесек, су тапшылығы болуы әбден мүмкін, – деді инженер-гидротехник Шерхан Сержан.

Аяулым Сағиолда

Осы айдарда

Back to top button