ҚауіпсіздікҚоғамТОП

Өскеменде көпқабатты үйдің терезесінен құлаған бала көз жұмды

Өткен демалыс күндері Өскемен қаласында 2 бірдей бүлдіршін терезеден құлап, біреуі оқиға орнында көз жұмды.
2020 жылғы бала 9 қабатты үйдің терезесінен құлап, оқиға орнында көз жұмды. Ал, екінші бүлдіршін екінші қабаттан құлап, жарақат алған, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Айта кету керек, бұл аймақта жыл басынан бері қайталанған бесінші жағдай болса, оны екеуінде балалар көз жұмған.

Ал, өткен аптада елімізде осыған ұқсас 8 жағдай тіркеліп, біреуі өліммен аяқталған болатын.
Тәртіп сақшылары мен құтқарушылар ата-аналарға балаларды ашық терезелердің жанында қараусыз қалдырмау керектігін ескертеді.

Ләззәт Қанатқызы

Осы айдарда

Back to top button