ЖаңалықтарТОП

Өскеменде Конституция күніне орай қандай іс-шаралар өтеді?

Өскемен қаласында Конституция күні мен Қала күніне орай іс-шаралар кешені ұйымдастырылады.

Мерекелік іс-шаралар 24-30 тамыз аралығында өтеді, деп хабарлайды Didar ақпарат.

24 тамыз сағат 19:00-де ММҮ алдындағы алаңда 70-ші, 80-ші, 90-шы және 2000-шы жылдардың стиіліндегі костюмді музыкалық ретро-кеш өтеді және тұрғын үйлердің түнгі жарықтандырылуы таныстырылады;

26 тамыз сағат 18:00-де Амфитеатрда, «Туц-Туц Quiz» командалық-музыкалық викторина;

27 тамыз сағат 17:00-де «Samal» саябағында, турникке тартылу бойынша «Tartyl Fest» сайысы;

27 тамыз сағат 18:00-де Амфитеатрда, «WHITE PARTY» интерактивті ойындар кеші;

28 тамыз сағат 18:00-де Амфитеатрда, «Каверлер шайқасы» музыкалық шоуы;

29 тамыз сағат 17:00-де Амфитеатрда, Бішкек және Өскемен спортшыларының арасында грек-рим және еркін күрестен «Ұлы дала батырлары» атты жолдастық кездесу;

30 тамызда жаңа І.Есенберлин даңғылында, «Мәңгілік ел» жаппай жүгіруі.

30 тамыз күні Республика Алаңында өтетін шаралар:

сағат 09.00-де – Қарбыз фестивалі;

сағат 10:00-де – «Шығыс дәмі» гастрономиялық фестивалі, «Шығыс кәдесыйы» қолөнершілер фестивалі, мерекелік сауда;

сағат 11.00-де – Конституция күніне арналған күндізгі концерттік бағдарлама;

сағат 12.00-де – ең ұзын «Капрезе» тағамын дайындау, Қазақстан рекордтар кітабы үшін (100 метр);

сағат 18:00-ден 22.00-ге дейін – қазақстандық эстрада жұлдыздары Садраддин мен Еркеш Хасеннің қатысуымен кешкі концерттік бағдарлама;

сағат 22:00-де – Отшашу.

Сондай-ақ бұл күні келесі нысандардың ашылуы өтеді:

Қ.Сәтпаев даңғылы, Жібек жолы көшесі мен І.Есенберлин даңғылының қиылысындағы жол айрығы; жаңартылған «Металлург» саябағы; «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша орнатылған балалар алаңдары.

 

 

Осы айдарда

Back to top button