Қоғам

Өскеменде инватакси қызметіне қатысты мәселе талқыланды

Дөңгелек үстелде саяси партия өкілдері мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған инватакси қызметінің жұмысын талқылап, көліктердің жетіспеушілігіне байланысты мәселе көтерді, деп хабарлайды Didar ақпарат тілшісі.

Айта кетсек, бүгінгі таңда облыстағы мүмкіндігі шектеулі жандардың саны 28 мыңнан асады. Инватакси қызметі әлеуметтік порталда тіркелген,  мемлекеттік тапсырыс арқылы жүзеге асырылады. Облыс бойынша 11 көлік инватакси қызметін көрсетеді екен.

Дөңгелек үстелде автопаркті жаңарту, жаңа машиналар сатып алу сияқты сұрақтар талқыланды.

– Біздің мақсатымыз – мүгедектерге көрсетілетін қызмет сапасын арттыру. Осындай қызметтер еріктелер арқылы да көрсетіліп жатыр. Солардың бірі – ASAR жобасы. Облысымызда тұратын көлік жүргізушілерін ASAR жобасына қатысуға шақырамын. Бұл жоба мүгедектігі бар жандарға қол ұшын созып, қамқорлық жасауға бағытталған, – деді ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Альмира Мусинова.

Саяси партия өкілдері келесі жиынға дейін шетелде және басқа өңірлерде инватакси қызметі қалай дамып жатқанын және еліміздің басқа аймақтарындағы тәжірбиелерге сүйене отырып, ШҚО-ға жаңа тыныс алып келу туралы шешім қабылдады.

Осы айдарда

Back to top button