ЖаңалықтарТОП

Өскеменде домбыра күніне орай қандай шаралар өтеді?

Елімізде шілденің бірінші жексенбісінде Ұлттық домбыра күні атап өтіледі.

2018 жылдан бері шілденің алғашқы жексенбісі қазақтың төл аспбының күні ретіне тойланып келеді. Мерекеге орай Өскемен қаласында бірқатар ауқымды шаралар ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды Didar ақпарат.

1 шілде күні сағат 19:00-де «Ертіс концерт» үлкен залында Алматы қаласынан келген «Tynda music» симфониялық оркестрінің концерті өтеді.

2 шілде күні сағат 16.00-де «ADK River» сауда кешені «Алтай» халық би ансамблі және солистердің қатысуымен «Күмбірле, қоңыр домбыра» атты мерекелік концерті ұйымдастырылады.

Сағат 17.00-де «Арбат» демалыс кешені «Alem sazy» вокалды-аспаптық ансамблінің және солистедіің қатысуымен «Аңыз домбыра» атты мерекелік концерті өтеді.

Сағат 18.00-де Солжағалық кешенде (Этносаябақ) «Алтай» халық би ансамблі және солистердің қатысуымен «Нағыз қазақ – домбыра» атты мерекелік концерт болады.

Осы айдарда

Back to top button