Сайлау-2022

Өскеменде алғашқылардың бірі болып сарбаздан дауыс берді

Өскеменде алғашқылардың бірі болып Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің барлық жеке құрамы дауыс берді.

Өз таңдауын бірінші болып ҚР Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Рүстем Ақбалин және жедел мақсаттағы екінші ротаның сарбазы қатардағы жауынгер Сұлтан Асаубаев жасады. Сарбаз әскерге Орал қаласынан шақырылғанын айта кетейік.

Сарбаздар биыл сайлауға алғаш рет қатысып отыр, өйткені олар 18-19 жаста.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы бойынша барлығы 6 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді, онда мерзімді қызметтің әскери қызметшілері ғана емес, офицерлер мен сержанттар да қатысады.

Айта кету керек, осыдан екі күн бұрын Өскемен қаласының 5518 әскери бөлімі жаңадан келген сарбаздармен толықты. Оларға әскери бөлімнің аумағындағы сайлау учаскесінде дауыс беруге қатысу құқығы берілген.

Ынтымақ Толқын

Осы айдарда

Back to top button