ЖаңалықтарТОП
Өскеменде 3 жасар бала бесінші қабаттан құлады
Оқиға 5 маусым күні Өскеменнің күленов кентінде болған.
Үш жасар бүлдіршін бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлаған, деп хабарлайды Didar ақпарат.
– Бүлдіршін алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталып кетті. Оқиғаның мән-жайы анықталуда”, – дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Мұндай қайғылы жағдайлар жаз кезінде жиілей түседі. Төтенше жағдай қызметі тұрғындарға балаларды қараусыз қалдырмау керектігін еске салады және қауіпсіздік шараларына мән беруге шақырады.