ҚоғамСайлау-2022ТОП

Өскемен тұрғыны өзінің туған күнінде дауыс берді

Өскемендегі Амурская көшесі, 1 мекен жайында орналасқан №79 сайлау учаскесіне қала тұрғындары таң сәріден ағылып жатыр. Ересектермен бірге сайлауға алғаш рет қатысып отырған жас өскемендіктер де өз дауысын беруге асығуда, деп хабарлайды didar-gazeti.kz.
№ 79 сайлау учаскесінде барлығы 2 585 адам тіркелген, оның 3-і бақылаушылардың қатысуымен үйде дауыс беретін болады. Бұл соғыс, еңбек ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі жандар және денсаулығына байланысты сайлау учаскесіне келе алмайтын адамдар.
Жас өскемендіктер де азаматтық ұстанымын көрсетіп, жарқын болашақ үшін өз таңдауын жасауға келді. Дауыс беру рәсімінен өткеннен кейін оларға естелік кәдесыйлар табысталды.
Өскемен жоғары политехникалық колледжінің студенті Мәди Құдайбергенов бүгін осындай маңызды іс-шараға қатысып қана қоймай, өзінің 20 жасын атап өтуде.

– Иә, бүгін менің туған күнім , мен сайлауға бірінші рет келдім, бүгін өз дауысымды беремін. Әркім өз елінің болашағы үшін дауыс беруі керек, – деді Мәди Құдайбергенов.

 

Ынтымақ Толқын

Осы айдарда

Back to top button