Қоғам
Осинов асуының құрылысы қашан бітеді?
Осинов асуын айналып өтетін жол құрылысы келесі көктемде жалғасады. Құрылысты жалғастыруды республикалық бюджет комиссиясы мақұлдаған.
Қазір жобалық-сметалық құжаттамаға түзету енгізілуде. Одан соң құжат сараптамаға беріліп, ол аяқталғаннан кейін 45 күннен кейін жұмыстарды орындауға тендер жарияланбақ. Келер жылы жер қарайғаннан кейін жаңа мердігер іске кіріседі.