Қоғам

Қос спортшымыз олжалы оралды

Қос спортшымыз олжалы оралды

Астанада шинкиокушинкай каратэден балалар арасында өткен ашық халықаралық «Astana Cup-2014» турнирінен зыряндықтар олжалы оралды.

Қазақстаннан бөлек, Тәжікстан, Өзбек-стан, Қырғызстан және Ресей сияқты төрт мемлекеттен ұзын саны бес жүзден астам спортшы қатысқан турнирде Зырян қаласындағы «Катана» спорт клубының өкілі Тимур Қасықов 50 келі салмақта (14-15 жас аралығында) чемпион атанды.

Сондай-ақ, аталған клубтың тағы бір спортшысы Никита Морозов 8-9 жас аралығындағы балғын каратэшілер арасында 35 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, жүлделі үшінші орынға ие болды.

Серік Әбілхан

Осы айдарда

Back to top button