Қоғам

Қос мектептің құрылысы қарқынды

Көкпекті ауданында апатты мектептер санын азайту мақсатында өткен жылы Мамай және Ақой ауылдарында екі жаңа мектеп құрылысы басталған.

Қос мектептің құрылысы қарқындыАудандық білім беру бөлімінің мәліметі бойынша, 80 оқушыға ар-налған екі қабатты екі мектептің құрылысын семейлік «Триада» өндіріс-тік кооперативі мен «Семпрофстрой» ЖШС қолға алған. Мамай ауылын-дағы мектеп құрылысына қараша-ның басында кіріскен «триадалықтар» жұмысқа ауылдан қосымша тоғыз адам алды. Мектептің салынатын орны дайын. Блоктардың астына тас, құм төселді. Жаңа ғимараттың үлескі аумағы 3 гектар, құрылыс аумағы 108420 шаршы метр.

Мамайдағы мектептің құны 273,5 миллион теңгені құраса, екінші білім ошағына 283,5 теңге жұмсалмақ. Ақой елді мекеніндегі құрылыс та қызу жүруде. Олар ауылдан алты жұмысшыны тартып, тұрмыстарына барлық жағдай жасап берді. Құрылыс техникалары сақадай-сай, мектептің орны қазылып бітіп, ол жерге тас пен құм төселуде.

Эльмира Тайырқызы
Көкпекті ауданы

Осы айдарда

Back to top button