Қоғам

Үш дүркін әлем чемпионы атанды

Үш дүркін әлем чемпионы атанды

Орынбор қаласында өткен қазақ күресінен Әлем чемпионатында балуандарымыз Айбек Нұғымаров пен Мұхит Тұрсынов жеңіс тұғырынан көрінді. Төл спорт түрінен қарсылас шақ келтірмеген Шығыстың қос мықтысын төрткүл дүние жұрты тағы бір мәрте мойындады.
Айта кету керек, биыл бесінші рет ұйымдастырылған біріншілікке Қазақстан мен Ресейден бөлек, Түркия, Қытай, Үндістан, Франция, Австрия, Венгрия, Германия, Греция сияқты әлемнің жиырмадан астам елінен бозкілем шеберлері қатысты.

Үш дүркін әлем чемпионы атанды

Абсолют салмақ дәрежесінде белдескен биылғы «Қазақстан Барысы» һәм әлем чемпионы Мұхит Тұрсынов ақтық сында тәжік балуаны Комроншах Усторипионмен күресіп, аталған спорт түрінен кімнің мықты екенін дәлелдеді. Финалға дейінгі белдесулерде Мұхит неміс, қырғыз және армян балуандарын тізе бүктірген болатын.
Мақтауға тұрарлық екінші жеңісті халықаралық дәрежедегі спорт шебері Айбек Нұғымаров әперді. Аса ауыр салмақта (+90) сынға түскен қасиетті Абай елінің тумасы барлық қарсыластарын шетінен ұтып, жанкүйерлер мерейін тасытты. Осы жеңісінің арқасында Айбек қазақ күресінен үш дүркін әлем чемпионы атанды.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button