
Өңірде көппәтерлі тұрғын үйлерге су мен жылуды есептейтін ортақ құралдарын орнату жұмыстары алдағы төрт жылда толық аяқталуы тиіс.
Аудан, қала әкімдіктеріне «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасына сәйкес көп пәтерлі тұрғын үйлерде су мен жылуды есептеудің үйге ортақ құралдарын орнату көрсеткішін биыл жыл соңына дейін 84 пайызға, ал 2025 жылға қарай 100 пайыз аяқтау жөнінде тапсырмалар берілді.
Жүргізілген тексеру нәтижесінде облыста 3841 үйдің жалпыүйлік су есептегіш құралдарын, 3168 үйдің жалпыүйлік жылу есептегіш аспаптарын орнатуға техникалық мүмкіндігі бар екендігі анықталды.
Бүгінгі таңда су құрылғысы 23 пайыз, жылу есептегіш құралы 41 пайыз орнатылған. Облыстың Абай, Бесқарағай, Глубокое, Жарма, Зайсан, Тарбағатай сияқты алты өңірінде есептеу құралдарын орнату бойынша қойылған міндеттер толығымен орындалып, қалған аудан, қалалардың әкімдіктері жұмыстарын жалғасуда.
Қоса кетсек, бүгінгі күні «ТКШ ҚазОрталығы» компаниясы жылу есептеуіш құрылғыларын сатып алуда бірқатар жеңілдіктер ұсынып отыр.