ҚоғамТОП

Орталық алаңдағы су жаңа көлікті кім алып кетті?

Кеше ғана Өскеменде екпе алған тұрғындар арасында  ұтыс ойыны өтті. Жеңімпаз орталық алаңға жаяу келіп, көлікпен қайтады. Сонымен қала жұртшылығы асыға күткен көліктің иесі кім?

Естеріңізге салайық, вакцинаның бірінші не екі компонентін алған қала тұрғындарының арасында Chevrolet Nexia автокөлігінің ұтыс ойыны туралы жазған болатынбыз. Оған 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап облыс орталығының емханаларында немесе жылжымалы вакцинация пункттерінде коронавирусқа қарсы екпе алған тұрғындар қатысты. Қатсуға өтінімдер 28 маусымнан басталды.

Ұтыс ойыны 5 қыркүйек күні сағат 18.00-де қалалық әкімдіктің әлеуметтік желідегі парақшаларында онлайн режимінде өтіп, жеңімпаз анықталды.

Айта кетсек, өскемендік тұрғындар арасында бұған дейін де ұтыс ойындары өткізілген болатын. Ондағы жүлделер: смартфон, тұрмыстық техника, сертификаттар. Кеше ең басты жүлде – Chevrolet Nexia автокөлігі ойнатылды.

Бас жүлденің жеңімпазы – Мясоед Надежда Викторовна. Ол №36 орта мектепте вахтер болып қызмет етеді екен.

Бүгін қала әкімі Жақсылық Омар жеңімпазды құттықтап, автокөліктің кілтін табыстады.

– Надежда Викторовнаны шын жүректен құттықтаймын. Сондай-ақ, барлық қатысушыларға және вакцинациялаудан өткендерге алғыс білдіргім келеді. Бүгінде екпе алу – нағыз азаматтың ісі. Басқа адамдардың да қамын ойлағандарыңыз үшін рахмет, – деді қала әкімі.

Осы айдарда

Back to top button