Қоғам

Орталық жыл бойы жұмыс істеуі тиіс

Орталық жыл бойы жұмыс істеуі тиіс
Кеше облыс әкімі Даниал Ахметов Катонқарағай ауданына жұмыс сапармен барып қайтты. Аймақ басшысы Жаңа Хайрузовка ауылында салынып жатқан су құбырлары жүйесінің, Приморское аулындағы демалыс базасының және балаларға арналған демалыс орталығының құрылыс жұмыстарымен танысты.
Жеткіншек ұрпақ мектеп-интернатта емес, ата-ананың құшағында тәрбиеленуі тиіс. Бұл тұжырымды облыс әкімі осы іссапар барысында айтты.
– Мектеп жасындағы балалар ата-ананың құшағынан алыстамауы керек. Ата-ананың мейірін сезініп өскен ұрпақ жаман болмайды. Интернат салу кеңес үкіметі кезінен қалған дүние. Қазір мектептерде барлық жағдай жасалған. Автобустар бар. Сондықтан бұл жерден ем қабылдайтын балаларды үйінен жеткізіп тұру керек, -деді аймақ басшысы.
Бұл ойдың айтылуына Приморское ауылында салынып жатқан балаларды сауықтыру лагерінде облыс басшысына аудан әкімі Ахметқали Нұрғожиннің қосымша интернат салсақ деген ұсынысы себеп болды. 50 балаға арналған сауықтыру кешені қыркүйек айында пайдалануға берілетін көрінеді. Облыс әкімі демалыс орталығы жыл бойы жұмыс істеуі керектігін атап көрсетті.
Аймақ басшысы сонымен қатар, аудандық шығармашылық үйі мен Достық үйінің тыныс-тіршілігімен танысты. Облыс әкімі Солдатово ауылындағы су құбыры нысанында және Катонқарағайдағы ұлттық паркте болды.

(Тақырыптың жалғасын газетіміздің
келесі санынан оқисыздар)

Мұратхан Кенжеханұлы

Осы айдарда

Back to top button