Қоғам

Орталық жастардың бас қосар орнына айналды

Орталық жастардың бас қосар орнына айналды

Катонқарағай аудандық әкімдігі өткен жылдың сәуірінде аудандық «Жастар орталығын» ашып қана қоймай, ауыл жастарының бос уақыттарын тиімді пайдалану бағытында бірқыдыру шаруаның басын қайырып тастапты. Біз аталған ауданда болған сапарымызда Үлкен Нарында орналасқан осынау орталыққа бас сұққанбыз.

– Ауданда 5657 жас бар. Оның бір мың үш жүзден астамы студенттер болса, бір жарым мыңнан астамы – жоғары сынып оқушылары, ал қалғаны – ауыл жастары. Біздің мекеменің мақсаты – жастардың азаматтық бастамаларын, рухани-адамгершілік, зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамытып, отансүйгіштікті қалыптастыру. Орталық өз міндетіне кіріскелі бірнеше қайырымдылық акциясы, пікірталастар мен тренингтер, түрлі кештер мен спорттық жарыстар, сондай-ақ, конкурстар өткізілді. Сонымен қатар жастар арасында үгіт-насихат шараларын жүйелі ұйымдастырып, оларға қатысты өзекті мәселелер бойынша зерттеулер жүргізуді дәстүрге айналдыра бастадық, – дейді орталық директоры Ернұр Мағауиянов.

Өткен жылы ғана тұсауын кескен орталық қызметкерлерінің ұйымдастыруымен аудан көлемін-де 12 дөңгелек үстел, түрлі тақырыптарды қамтыған төрт конференция, үш қайырымдылық акциясы, екі аудандық форум және 15 спорт-тық жарыс өткізіліпті. Орталық жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында аудандық ішкі істер бөлімімен бірлесіп ұйымдастырылған «Жастар нашақорлыққа және темекіге қарсы» атты тәрбиелік мәні бар акциялар, тағы да басқа көптеген мәдени шаралар өткізіп, жас-тардың шығармашылығын дамыту-ға үлкен көмегін тигізіп жатқан көрінеді.

– Жастар арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында аудандық әкімдік, ішкі істер бөлімі және прокуратурамен бірлесіп атқарылған іс-шаралар оң нәтижесін беруде, – дейді орталықтың ұйымдастырушы-сы Жанна Дүйсенбекқызы. – Нақтырақ айтсақ, биыл аудан әкімі, оның орынбасары, аудан прокуроры, аудандық ішкі істер бөлімінің бастығымен бірлесе, екі кезеңдік үгіт-насихат шаралары өткізілді. Алдымен «Нашақорлық, шылым шегу және ішімдіктің тигізер зияны» тақырыбында дөңгелек үстел өтсе, екінші кезеңде аудандық әкімдікке, прокуратура мен ішкі істер бөліміне, агротехникалық колледж студенттеріне экскурсия ұйымдастырылды. Ауданымыздың оқушылары мен студенттері жаз айларында республикалық «Жасыл ел», «Студенттік құрылыс жасақтары» бағдарламалары аясында абаттандыру жұмыстарына қатысты. Атап айтқанда, бағдарламаға ауданымыздың Өрел, Катонқарағай және Үлкен Нарын тірек ауылдарынан барлығы 56 оқушы атсалысты. Қазір ауданымыздың бес құрылыс орнында 31 студент құрылыс жұ-мыстарына тартылған.

Аудандық ішкі істер бөлімімен бірлесе отырып, жұмыс жүргізген «Жастар орталығы» өткен жыл көлемінде төрт рет «Жасөспірім» атты рейд өткізіп, жедел-алдын алу шаралары барысында кәмелет жасына толмаған жасөспірімдерге алкогольдік ішімдік пен шылым өнімдерін сатуға тыйым салу шараларын жүргізіпті.

– Қазір аудан жастары бізге зор сенім артуда. Еліміздің гүлденіп, әлемнің дамыған, озық елдерінің қатарына қосылуына ерекше үлес қосу біздің басты мақсатымыз деп білеміз, – дейді катонқарағайлық жастардың басшысы.

Серік Құсанбаев
Катонқарағай ауданы

Осы айдарда

Back to top button