Қоғам

Орталық Азия инвестициялық форумына қатысты

Орталық Азия инвестициялық форумына қатысты


Облыс әкімі Даниал Ахметов Қытайдың Пекин қаласында өткен Орталық Азия инвестициялық форумына қатысты. Қазақстан делегациясының құрамында Үкімет басшысының орынбасары Ерболат Досаев та бар. Бұл форумға барлығы 500-ден астам қатысушы жиналды, олардың ішінде халықаралық және қытайлық бизнестің көптеген өкілдері, сонымен қатар Орталық Азияның және басқа да елдердің министрліктер басшылары, саясаткерлері мен инвесторлары бар.

Форумның басты мақсаттарының бірі Орталық Азияның ауқымды инвестициялық мүмкіндіктерін жария ету болды.

Атап өтер болсақ, облыс әкімдігі халықаралық қаржы институттарымен өңірлік экономиканың түрлі салаларына инвестициялар тарту бойынша белсенді әріптестікті жалғастырып келеді.

Мәселен, қазіргі кезде Еуропалық қайта құру және даму банкімен жалпы сомасы 70 миллиард теңгенің 12 инвестициялық жобасы іске асырылуда. Атап өтерлігі, 31,1 миллиард теңгенің 7 жобасы бойынша несиелік шарттар жасалған, 38,8 миллиард теңгенің 5 жобасы бойынша алдын ала келісімдерге қой қойылған. Шығыс Қазақстан облысында Еуропалық қайта құру және даму банкімен барлығы 87,5 миллиард теңгенің 13 жобасы бойынша шарттар мен келісімдерге қол қойылған.

Жалпы алғанда, форумның панельдік пікірталас алаңдары түрлі тақырыптарды қамтыды. Жетекші халықаралық сарапшылар жаңартылатын энергетикаға қаржы құюдың келешегі, инфрақұрылым мен агробизнестің даму қарқыны, инвестициялардағы тәуекелдерді азайту жолдары, Ұлы Жібек жолын қайта жаңғыртудағы Орталық Азияның басты артықшылықтары туралы айтты.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Осы айдарда

Back to top button