Қоғам

Орталық алаңға тайқазан орнатылды

Орталық алаңға тайқазан орнатылды


Аягөздің келбеті күннен-күнге ажарланып, аудан көшелері әртүрлі сәулет туындыларымен толығып жатыр.
Жуырда аудан орталығына ұлттық құнды жәдігерлердің бірі – Тайқазанның кіші формасы орнатылды.
Аталмыш туындының авторы – №5 мектептің математика пәнінің мұғалімі Талғат Рахымжанов.

– Түркістандағы қасиетті қазанға ұқсатып жасау үшін біраз тер төктік. Қазанның астындағы тіреуішінің өзі кісі бойындай болатын ескерткіш қазір Аягөз тұрғындары мен қала қонақтарының серуендейтін сүйікті орындарының біріне айналды, – дейді Талғат Рахымжанов.

Бұл тайқазанды жасауға №5 мектептің шаруашылық меңгерушісі Бауыржан Мұсаев, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Ғизат Иманшартов пен Медет Жанғабылов, Ержан Қалиев сынды азаматтар да белсене атсалысыпты.

Ағымдағы жылы аудан орталығындағы Б.Момышұлы көшесінің бойында аққу, ат пен арба, велосипед сынды сәулеттік туындылар бой көтергенін айта кеткен жөн.

Берікхан Тайжігіт
Аягөз ауданы

Осы айдарда

Back to top button