Қоғам

Ортақ техникалық төлқұжат енгізілуі мүмкін

Ортақ техникалық төлқұжат енгізілуі мүмкін
Парламент Мәжілісінде «Тасымал көлігі, автокөлік, басқа да техника құралдары үшін бірыңғай төлқұжат формасын енгізу және электронды төлқұжат жүйесін ұйымдастыру келісімін бекіту туралы» заң жобасы мақұлданды.
Еліміздің Инвестициялар жјне даму вице-министрі Альберт Рау аталмыш заң жобасын таныстыру кезінде бұл келісім бірыңғай кедендік аймақта көлік тасымалы мен басқа техника түрлерінің еркін жөнелтілуін қамтамасыз ету шарттарын ұсынатынын атап өтті. Сондай-ақ, ол ЕАЭО елдері арасында бірыңғай жјне электронды төлқұжатты қабылдау жағын да реттемек.
– Мемлекеттік органдардың өз әрекеттері құпия болатынын ескерсек, қазіргі келісім бойынша заң жобасы Қарулы Күштер техникасына және еліміздің мемлекттік органдарының тасымал құрылғыларына, жауынгерлік машиналарға қолданылмайды, – деп нақтылады Альберт Рау.

Шығыс-ақпарат

Осы айдарда

Back to top button