Қоғам
Өрт қауіпсіздігін бұзудың 15 581 фактісін анықтады
Жылыту кезеңі басталғалы құтқарушылар барлығы 67 мыңнан астам жер үйді тексеріп, өрт қауіпсіздігін бұзудың 15 581 фактісін анықтады.
Олар негізінен пештерді, электр жабдықтарын пайдалануда қауіпсіздік ережелерін сақтамауға қатысты. Өрт шығуының және тұрғындарға иіс тиюінің алдын алу үшін мамандар әр үйде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Айта кету керек, жыл басынан бері облыстағы жер үйлерде 211 рет өрт шыққан.