Қоғам

Орман тағы өртене жаздады

Тасқын Болатұлы

Риддердегі орман алқабынан күйік иісі мен түтінді полиция дер кезінде байқап, қауіптің алдын ала білді.

«Жергілікті екі тұрғын мас күйі от жағып, оның кең аумаққа таралуына қауіп төндірді. Жалын шырша мен қарағайдың бұталарын шарпыған. Сарғайған жапырақ пен ескірген шөпке ұшқын тиіп, кез келген сәтте өрт басталуы мүмкін еді», – деп жазады полиция департаменті болған оқиға туралы қысқаша.

– Отты полицейлер өздері өшірді. Ал спирттік ішімдіктерді ішіп, от жаққан адамдар Әкімшілік кодекстің 440-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді департамент бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Айта кетейік, Риддер тұрғындары тарапынан полицияға алғыс жолданған.

Естеріңізде болса, көктемде адамдардың салғырттығынан Риддерде өрт шығып, 30-дан астам отбасы баспанасыз қалған. Одан бері көп уақыт өтпесе де, кей адам қауіпті оқиғадан сабақ алмағанға ұқсайды.

 

Осы айдарда

Back to top button