Қоғам

Оралман ағайынның шаруасы шалқиды

«Жұмыспен қамту – 2020» республикалық бағдарламасын іске асыру және жұмыссыз тұрғындарды жұмыс орындарымен қамтамасыз ету мақсатында «Ертіс» ӘКК ҰК» АҚ Курчатов қаласы маңында 2200 гектар ауыл шаруашылық жерін жалға беру құжаттарын рәсімдейді.

Оралман ағайынның шаруасы шалқидыБұл өз кезегінде оралман ағайын-дарға жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік бермек.

Аталған жерге суландырудың ирригациондық жүйесін орнату жос-парлануда. Бұл аумақ телімдерге бөлініп, жермен айналысуға ұсыныс білдірген оралмандарға берілетін болады. Сонымен қатар қажетті ауыл шаруашылық техникаларын алу да көзделуде.

Оралман ағайындарға қолдау көрсету бағытында олар өндірген ауыл шаруашылық өнімдерін «Ертіс» ӘКК ҰК» АҚ күзгі жиынтерінде сатып алып, облыстың тұрақтандыру қорын жасақтауды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, «Ертіс» ӘКК ҰК» АҚ басшылығы жаңа жұмыс орындарын ұйымдастыру мақсатында Курчатов қаласында «Нұрлы көш» сервистік дайындау орталығын құрмақ.

Облыс Әкімінің баспасөз қызметі

Осы айдарда

Back to top button