COVID-19 

Оқып қоя салмай орындаңыз

«Маска тақпағандарға қызмет көрсетпейміз!» Облыстағы кез келген қоғамдық орында осы бір ескерту жазылып тұр. Алайда бұл ескертудің пайдасы шамалы секілді. Оны елеп жүрген ешкім жоқ. Содан да болар өңірімізде тексеруші топтың тезіне түсіп, айыппұл арқалап жатқандар жетерлік.

Маска тағу қарапайым әрі тиімділігі жоғары сақтық шараларының бірі және ол эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына жол бермеу үшін өте қажет. Соған қарамастан тұрғындар арасында ең жиі тіркелетін ереже бұзушылық осы маскалық режимді сақтамау болып отыр.

Шығыс Қазақстан облысында бас санитарлық дәрігер бекіткен шектеу режимін бұзу бойынша 18 жағдай анықталды. Бұзушылықтардың көбі Семейде тіркеліп отыр.
21 ақпан күні Өскеменде азық-түліктік емес дүкендерде, сауда үйлері мен қоғамдық көліктерде маскалық режимді бұзу бойынша 4 факті анықталған.
Семейде  маскалық режимді бұзудың 12 жағдайы тіркелді. 306 285 теңге болатын 7 хаттама толтырылды.
Риддерде маскасыз қызмет көрсету бойынша 1 ереже бұзу фактісі анықталды.
Глубокое ауданында маскалық режимді бұзудың 1 фактісі тіркелді. Айыппұл – 43 755 теңге.

Балауса Мэлсқызы

Осы айдарда

Back to top button