Қоғам

Оқушыларға мектеп формасын тігіп береді

Биыл ел Тәуелсіздігіне ордалы 30 жыл толады. Қазақстанмен бірге бұл жылдары кәсіпкерлік те дамыды. 1998 жылы Семейде “Омаровтар ательесі” ЖШС құрылды. Кәсіпорын облыстағы оқушыларға мектеп формаларын тігеді.  Кәсіпорын заманауи жабдықтармен жабдықталған. Жақында Қытайдан тоқу машиналары сатып алынды. Шанхайдан арнайы келген мамандар тоқу машинасымен қалай жұмыс істек керегін үйретті. 

– Біздің кәсіпорын жоғарғы трикотаж өндіруші болып табылады. Сонымен қатар, біз қазір тоқыма бұйымдарын тігуге көштік. Еліміздің түкпір-түпірінен тапсырыстар түседі. Айта кетейік, біз мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жұмыс істейміз. Тапсырыс берушілер өнімдерге дән риза. Ұжым әр жұмысқа жауапкершілікпен қарайды. “Атамекен” ҰКП, қала және облыс әкімдіктері, кәсіпкерлік бөлімі бізге жақсы қолдау көрсетеді.  Несиелендірудің бірнеше бағдарламасын, атап айтқанда “Өндіріс” және “Бизнестің жол картасы” бағдарламаларын игердік”, – дейді ателье директоры Сақан Омарова.
Енді өндіріс алаңын кеңейту жоспарда бар.
– Біздің бизнес мемлекетпен бірге дамып келеді. Басында, әрине, оңай болған жоқ. Көпшілік бізге күмәнмен қарайтын. Бірақ қолдау мен жұмысшылардың еңбекқорлығының арқасында біз жаңа белеске шықтық – дейді Сақан Омарова.

Didar ақпарат

Осы айдарда

Back to top button