Қоғам

Оқушылардың саны артты

Жаңа оқы жылы да таяп қалды. Семей аймағындағы мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы туралы онлайн-брифингте қалалық білім бөлімінің басшысы Наталия Фесенко мәлім етті.

Қалада оқушыларды қабылдау 1 сәуірден 1 тамызға дейінгі аралықта электронды түрде жүргізілді, бірақ кейбір ата-аналардың құжат тапсырып үлгермеуіне байланысты, 1 тамыздан бастап құжаттарды қағаз жүзінде қабылдау жалғасты. Бүгінгі таңда бірінші сынып оқушыларының саны 5100 бала, тағы жүзге жуық бала күтілуде. Оқушылардың саны 1500-ге өседі деп күтілуде.

–         Биыл бірінші сыныпқа баратын оқушылар үшін «Алғашқы қоңырау» мерекесі өткізіліп, әліппелер табысталады. Ал қалған сынып оқушыларына Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған сабақ өтеді. Білім беру мекемелерінде жаз мезгілінде ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізілді. 2020 жылдың қыркүйегінен бастап барлық білім беру нысандары үшін әрқайсысына жеке қаржыландыру белгіленген, яғни қаржыландыру оқушылар санына байланысты. Көптеген мектептер терезелерін, кіреберіс есіктерін, жылу жүйесін, шатырлары мен санитарлық желілерін ауыстырды. Білім беру бөлімінде құрамына ата-аналар, депутаттар кірген комиссия құрылды. Олар мектептер мен балабақшаларды аралап, жаңа оқу жылына дайындықтарын тексеруде, – деді Наталия Фесенко.

Білім мекемелерінің қауіпсіздігіне басты назар аударылуда. Бүгінгі таңда барлық мектептер мен балабақшаларға жедел басқару орталығына жалғанған бейнебақылау жүйесі орнатылды. Турникеттер қойылды, ол арқылы балалар карточка арқылы өтеді. Осылайша, қауіпсіздік мақсатында ата-аналар балаларының жүріс-тұрыстарын бақылай алады.

–          Қауіпсіздіктің тағы бір шарасы ведомстволық емес күзет қызметтерімен келісімдер жасау болды. Бұл әр мектепті жеке қаржыландырумен болады, яғни күзет ақысы ата-аналар есебінен болмайды. Сонымен қатар барлық мектептерде дыбыстық хабарлама қондырғылары орнатылды. Жалғыз шешілмеген мәселе – ол мектеп аумағының қоршаулары, яғни мектеп аумақтары қоршалуы қажет, онда бөгде адам жүрмеуі керек. Бұл бағыттағы жұмысты жалғастырамыз. Жаңа қаржыландыру бөлінгенде осы мәселе шешіледі. Әзірше мектеп аумағындағы қауіпсіздік мәселелері ведомстволық емес күзет қызметімен жүзеге асырылады, – деді Наталия Фесенко.

Білім мекемелерінің жұмыстары барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып жүргізілетін болады.

–          Сонымен қатар өткен оқу жылы онлайн режімде жүргізілгендіктен бірқатар олқылықтар бар, оларды бүгінгі таңда шешу қажет. Балалардың өткен бағдарламаларды игеруі бойынша білімдерін анықтау мақсатында мектептерге нөлдік бақылау жүргізуге ұсыныс берілді. Жыл басынан бастап оқу бағдарламасына да өзгерістер енгізілетін болады. Жалпы, мектептер жаңа оқу жылына дайын, – деп қорытындылады Наталия Фесенко.

Флора Левина

Семей.

Осы айдарда

Back to top button