Қоғам

Оқушыларды күтіп тұр

Тасқын Болатұлы

Глубокое ауданының мектептері жаңа оқу жылының басталуына дайын, оқушыларды ғана күтіп тұр.

Биыл ауданда 23 орта, үш негізгі және екі бастауыш мектепте 7 100 оқушы оқиды, олардың 676-сы бірінші сыныпқа баратын балалар.

Аудан әкімдігінің ақпараты бойынша, барлық оқу орнында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Санитарлық нормаларды қамтамасыз ету үшін дезинфекциялық құрал-жабдықтар сатып алынды.

– Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мектептерде бейнебақылау мен дабыл беру жүйелері орнатылды. Сонымен қатар барлық оқу орнында Ashyq жүйесі іске қосылып жатыр. Вакцина алуға тиісті мұғалім мен техникалық қызметкерлер түгелдей коронавирусқа қарсы егілді, – деп жазылған әкімдік хабарламасында.

Осы айдарда

Back to top button